Текст
🌸 Қосшы қаласының «Мирас» балабақшасы “Қарттар күнін” атап өтті! 🌸
Бүгін балабақша ұжымы мен балдырғандары Қосшы қаласындағы Қарттар үйіне барып, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды мерекемен құттықтады.
Балалар аталары мен әжелеріне
өздерінің сыйлығын табыстап, жылы лебіздерімен бөлісті. Қарттар балалардың тәтті күлкісі мен өнерін көріп, ақ баталарын берді. 🤲
Бұл күн қарттарға қуаныш, ал балаларға мейірім сыйлаған ерекше мереке болды!