19.06.2026
Қосшы қаласы "Мирас" балабақшасында жазғы сацықтыру шаралары өткізілді.
Тақырыбы: «Майтабандылықтың алдын алу және түзету жұмыстары»
Өткізілген іс-шараның мақсаты:
Балалардың табан бұлшықеттерін нығайту, майтабандылықтың алдын алу, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Міндеттері:
* Табан күмбезін нығайтуға бағытталған жаттығулар жүргізу;
* Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру;
* Дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын дамыту;
* Ойын арқылы балалардың денсаулығын нығайту;
* Майтабандылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Өткізілген жұмыстар:
* Тұзды жолмен жүру;
* «Көңілді көпіршіктер» ойыны;
* Сумен эстафеталық жарыс;
* Табанға арналған сауықтыру жаттығулары.
Қорытынды:
Іс-шара барысында балалар белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Жүргізілген жаттығулар мен ойындар балалардың денсаулығын нығайтуға, табан бұлшықеттерін дамытуға және майтабандылықтың алдын алуға ықпал етті.
Өткізген:
Мектепке дейінгі ұйымның медбикесі
Сәбит Гүлжайна Бейбітқызы