Текст
27.07.2026
Биыл Қосшы қаласына 5 жыл толды. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде бұрынғы ауыл Ақмола облысындағы ең қарқынды дамып келе жатқан қалалардың біріне айналды. Мұнда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым дамып, жаңа тұрғын үй алаптары, жолдар, мектептер, спорттық және мәдени нысандар салынуда. Қаланың дамуы бүгінде қарқынды жалғасуда. Әкімдік алдында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және заманауи қалалық орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды міндеттер тұр. Қаланың 5 жыл толуына байланысты Қосшы қаласы "Мирас" балабақшасының тәрбишісі Мукашева Шынар Кинаятовна БЕС ЖЫЛ БІР БЕЛЕС атты мақаласы 2026 жыл 25 шілдесіндегі №29 сенбі күнгі шығарылымда жарияланды.