18.03.2026
11 наурыз 2026 жылы “Мирас” балабақшасында
МОБИЛЬДІ ТОП ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ БАРЫСЫНДА
«БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
Балабақшаішілік оқу қызметтер мен қатар тәжірибелік жұмыстарды тең жүргізе отырып, баланың сана-сезімін дамыту.
Жасанды интеллекті пайдалана отырып ой ұшқырлығын арттыру, тәжірибе арқылы білімдерін бекіту, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Семинар барысында тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Қосымша педагогтермен тренингтер, танымдық ойындар, сергіту сәттері болды.
Мереке аясында өткізілгендіктен “Мирас” балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды. Семинарға келген қонақ педагогтермен де тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, практика жүзінде жасанды интеллектпен жұмыс жасалды.